“Зенит” командасы Еуропа чемпионатының қатысушысымен келісімге келді

13.08.2024, 21:20

24 жастағы Словения ойыншысы Ваня Дркушич 2029 жылдың жазына дейін петерборлық ұжымда өнер көрсетеді. 

“Зенит” командасы Еуропа чемпионатының қатысушысымен келісімге келді

Ваня Нұралы Әліп өнер көрсететін позицияда ойнайды.

Дркушич “Зенитке” “Сочи” командасынвн ауысып келді. Оның Ресейдегі жорығы 2022 жылдың 24 қаңтарында басталғанын айта кетейік. Дәл сол күні Ваня өз отанындағы “Браво” ұжымымен қош айтысып, арыстандар сапын толықтырған болатын.

Петерборлық команда Ваняны 4 млн еуроға сатып алды. 

24 жастағы футболшы Германияда өткен Еуропа чемпионатының қатысушысы. Ол Ян Облак бастаған Словениямен бірге плей-офф  кезеңіне дейін жетті. Онда словениялықтар Португалиядан матч соңындағы пенальтилер бәсекесінде жеңілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Зенит
Серіктес жаңалықтары
×