“Зенит” күтпеген жерден қарсыласына есе жіберді

27.08.2024, 21:45

Тольяттилік “Акрон” Ресей Кубогының үшінші турында петерборлық “Зениттен” басым түсті.

“Зенит” күтпеген жерден қарсыласына есе жіберді

Матчтың бірінші таймының қосымша минутында Дмитрий Васильевтің голының арқасында есеп ашқан “Зенит” екінші тайм басталған тұста сылбыр ойнай бастады. Соның нәтижесінде өз қақпасына пенальти әкеліп, ақыры соңында қарсыластың есепті 1:1 қылуына мүмкіндік беріп қойды. “Акрон” шабуылшы Иван Тимощенконың соққан голынан кейін айтарлықтай қауіпті сәтті туғыза алмады. “Зенитте” тең есепке қанағат еткендей болды.  Кубок ойыны болғандықтан, матч пенальтилер сериясына дейін жалғасты. Ал лоторея бәсекесінде алаң иелерінің асығы алшысынан түсті (5:4 пенальти).

Отандасысыз Нұралы Әліп аталған ойынды бастапқы құрамда бастап, кездесудің 37 минутында сары қағаз алды. Бапкер Семак қорғаушыны 46 минутта Дмитрий Чистяковқа алмастырып тастады. 

Кубоктың үш тур қорытындысы бойынша 7 ұпай жинаған “Зенит” Д-тобында көш бастап тұр. Ал бүгінгі ойында петербор ұжымын жеңген “Акрон” 5 ұпаймен екінші орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×