
16 жасар Дәулет Орынбасар бойынша «Қайратқа» «Зенит» клубы хабарласып, келіссөздер жүргізуді ұсынған дейді.
Бұл туралы белгілі инсайдер, спорт журналисі Қазбек Тайланов айтты. Санкт-Петерборлық команда өкілдері алматылық ұжымның басшысы Қайрат Боранбаевтың өзімен тікелей хабарласып, нақты ұсыныс жасаған дейді Қ. Тайланов. Естеріңізде болса осыған дейін Дәулет Орынбасарға «ЦСКА-ның» да қызығушылық танытқаны белгілі. Мәскеулік клуб тіпті нақты сома да ұсынып, алайда ол «Қайраттың» көңілінен шықпаған көрінеді.
Дәулет Орынбасар 2024-жылдың қортындысы бойынша ол QJ League-ның бірден қос аталымында топ жарды: үздік ойыншы және 17 жасқа дейінгілер арасындағы үздік сұрмерген. Өткен маусымның 17 кездесуінде 28 рет мергендік танытып, 14 ассист берген екен. Дәулет негізінен халықаралық аренадағы жемісті ойынымен көзге түсуде. Атап айтсақ, 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының жейдесінде бірнеше бәсекеде жарқ ете қалды – Беларусияда болған Даму Кубогі. Бұл турнирде Дәулет Орынбасар Иран қақпасына салған аса маңызды голымен есте қалған болатын. Бұдан бөлек, Ресей құрамасымен өткен ойынның үздік футболшысы атағын жеңі алғанын да қоса кету керек.
«Қайраттың» шабуылшысы Қазақстан жастар құрамасының сапында Еуроға іріктеу кезеңіндегі керемет ойынымен көзге түсті. Грузияға қарсы кездесудегі үш голда да Дәулеттің еңбегі зор – екі гол мен ассист (3:0). Сондай-ақ, Литвамен матчта бір рет мергендік танытып, тағы да голдық пас шығарды - 5:2.
Біздің серіктес: FONBET