“Зенит” пен “ЦСКА”-ны қан жылатты” - Ресейлік бапкер Максим Самородовтың талантына таңғалды

Бүгін, 19:38

Ресейлік бапкер Игорь Семшов Грозныйдың "Ахмат" клубының өткен маусымдағы нәтижелерін қорытындылады. Ол сұхбат барысында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың алаңдағы керемет қимылдарына арнайы тоқталып, оның деңгейін өте жоғары бағалады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Зенит” пен “ЦСКА”-ны қан жылатты” - Ресейлік бапкер Максим Самородовтың талантына таңғалды

Маусым қорытындысы бойынша "Ахмат” 30 турдa 37 ұпай жинап, Ресей Премьер лигасының турнирлік кестесінде тоғызыншы орынға тұрақтады. Семшовтың айтуынша, бұл көрсеткішке клуб бапкер Станислав Черчесовтың келуімен ғана қол жеткізген.

“Олар маусымды өте нашар бастады, бірақ Черчесов келгеннен кейін командаға темірдей тәртіп орнады. Ойыншылар бойында сабырлылық пен сенімділік пайда болып, нәтиже де көп күттірген жоқ. Команданың әлеуетін көрсететін бірнеше керемет матчтар өтті — олар "Зенит", "ЦСКА” және "Динамо” сияқты алпауыттарды тізе бүктірді.” — деді маман РБ Спорт сайтына берген сұхбатында.

Игорь Семшов Грозный ұжымының шабуыл шебіне жоғары баға бере келе, Қазақстандық жұлдыз Максим Самородов пен оның әріптестерінің шеберлігін ерекше атап өтті. Оның ойынша, бұл құраммен клуб бұдан да биік шыңдарды бағындыра алады.

“Қазір "Ахматта" өте мықты шабуыл өті бар. Садулаев пен Самородовтың ерекше алдамшы қимылдар жасайтын үздік шеберлер екенін біз бұрыннан білетінбіз. Ал Мелкадзе тіпті мүлдем басқа, жоғары деңгейге көтерілді.” — дейді Семшов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×