“Зенит” РПЛ аутсайдерімен тең тарқасты

Воронеж қаласының “Факел” ұжымы РПЛ 27-турында “Зенитпен” тең ойнады (1:1).

“Зенит” РПЛ аутсайдерімен тең тарқасты

Аталған ойында санкт-петерборлық ұжым өзінің ішкі чемпионаттағы көшбасшылық ойынын көрсете алмады. Турнирлік кестенің 14 орнында келе жатқан Факел қайта қауіпті шабуылдарын үдетіп, қарсыласын біраз әбігерге салды. Бірақ не дегенмен ойындағы есепті “Зенит” ашты. Дуглас Сантос матчтың 41 минутында мергендігімен көзге түсті. Сөйтіп алғашқы таймда аяқталды. Екінші таймда отандасымыз Нұралы Әліп алаңға шықты ол командаласы Александр Мостовойды алмастырды. Матч бітерге 1 минут қалғанда Клаудиньо Беленов қорғаған қақпадан саңылау табады. Алайда төреші ВАР қарау арқылы голды есепке алмай қояды. Ойынға 10 минуттан астам уақыт қосқан қазы “Факел” ойыншыларының есепті теңестіруіне мүмкіндік туғызды. Марков пенальтиден мүлт кетпей командасына 1 ұпайды сыйлады. 

Сергей Семак шәкірттері РПЛ турнирлік кестесінде осы ойыннан кейін 51 ұпаймен 1 орнын сақтап қалды. Ал күтпеген жерден “Ахматтан” ұтылған “Краснодар” 50 ұпаймен “Зениттің” артынан қалмай келеді.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×