«Зениттің» түлегі «Қайратқа» ауысуы мүмкін

24.01.2022, 01:24
Футболшы бүгін Алматыға келді.
«Зениттің» түлегі «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Химкидің» қорғаушысы Максим Карпов мансабын «Қайратта» жалғастыруы мүмкін.

26 жастағы ұзын бойлы орталық қорғаушы бүгін Алматыға келіп, «Қайраттың» қатарына қосылды. Ол командадағы сербиялық қорғаушы Раде Дугаличті алмастыруға ниетті. Карпов «Қайратқа» Құрбан Бердыевтің ұсынысымен шақыртылды.

Максим «Зениттің» түлегі боляп табылады, бірақ ол клубтың негізгі құрамында ойнаған жоқ. Жалдау шарты бойынша «СКА-Хабаровск» және «Ротор» командаларында өнер көрсетті, ал 2019 жылы «Крылья Советовқа» 200 мың долларға сатылды. Қыркүйек айында қорғаушы «Химкиге» жалға берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×