2013 жылы «Ақжайық» пен «Шахтер» сапында өнер көрсетіп, ел чемпионатының үздің сұрмергені атанған, соңғы маусымды «Ақтөбенің» сапында өткізген Игорь Зенькович мансабын енді Түркияда жалғастырады.
Ақтөбелік клубпен келісім-шартын бұзған «Батэ» футбол мектебінің түлегі енді түркиялық «Элазигспордың» намысын қорғайды. Келісім-шарт 1,5 жылға жасалды.
Зеньковичтің жаңа командасы Түркия Бірінші лигасының 18-ші турынан соң 23 ұпай жинап, 10-шы орында келе жатыр.