Әзербайжан футбол федерациясы Вайсспен ортақ тіл таба алмады

“Слован” бапкері Владимир Вайсс Әзербайжан ұлттық құрамасының бапкері атануы мүмкін еді. 

Әзербайжан футбол федерациясы Вайсспен ортақ тіл таба алмады

59 жастағы маман Әзербайжан бапкері болуға лайықты деп танылған. Владимир орыс тілін жетік меңгерген. Онымен қоса, ол Грузия ұлттық құрамасында Вайсс 4 жыл тәжірибе жинаған. Былайша айтқанда маман Әзербайжанның менталитетінен хабардар. Бір өкініштісі, аталған елдің футбол федерациясы Владимирмен келіссөздер жүргізу барысында ортақ тіл табыса алмаған. Сол себептен қос тарап қол алыспастан екі жаққа кетті. 

Айта кетейік, итальяндық бапкер Джанни  Де Бьязи кеткеннен кейін “миллилер” құрамасын Ариф Асадов баптап келеді. Ол қазірде бас бапкердің міндетін атқару қызметінде уақытша жүр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×