Әзербайжан Премьер-лигасында өнер көрсететін Орталық Азиялық ойыншылардың трансфер бағасы бекітілді

Қазіргі таңда Әзербайжанның жоғары біріншілігінде 3 орта азиялық футболшы өнер көрсетеді.

Әзербайжан Премьер-лигасында өнер көрсететін Орталық Азиялық ойыншылардың трансфер бағасы бекітілді

Мәселен, тәжікстандық Олег Баклов 100 мың еуроға қымбаттап, 500 мың еуро тұратын болды. Ол “Туран” Товруздың негізгі қақпашысы. 31 жастағы Олег Премьерде өткізген 16 матчының 8 гол жібермеген.

Өзбек Умурали Рахмоналиев трансфер бағасына 150 мың еуро қосып, 800 мың еуроға бағаланатын болды. Қыркүйек айынан бері ол “Сабах” командасының негізгі құрам ойыншысы атанды. 2026 жылы Умурали Өзбекстан құрамасымен бірге Әлем чемпионатына барып қалуы мүмкін.

Отандасымыз Стас Покатилов болса, 500 мың еуро бағасында тұрақталып қалды. Жаз айынан бері қақпашының трансферлік құнына еш өзгеріс болмаған. Кезінде Стас 1,7 млн еуроға бағаланып, Орталық Азиядағы ең қымбат қақпа қорғаны атанған. Айтпақшы, 33 жасында Покатиловтың командасы Әзербайжан чемпиондығына талас құрып келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×