“Арыс” командасы Бірінші Лигаға қатысуға ниет білдірді
2022 жылы құрылған “Арыс” командасы келер маусымды Екінші Лигада бастамайды. Команда қаржылық қиындықтарға тап болған “Жетісайдың” орнына Бірінші Лигаға көтерілмек.
Естеріңізде болса, Түркістан облысына қарасты ұжым өткен маусымда Екінші Лига турнирінде Оңтүстік-Батыс Конференциясында 6 орын алған болатын.
Жалпы “Арыс” командасының бір жылдық прогресін ерекше атап өткен жөн. Оңтүстік ұжым құрылған уақыттан бір жыл өте Бірінші Лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Тек 2025 жылға қарай Арыс Екінші Лига деңгейіне түсті. Әйтпесе, команда Бірінші Лигада чемпион деген “Каспий” мен “Алтай” ұжымдарымен терезесі тең ойнап жүрді.