Жағымсыз есептер. Ұлттық құраманың ресми кездесулердегі ең ірі жеңілістері

14.10.2016, 02:54
Жағымсыз есептер. Ұлттық құраманың ресми кездесулердегі ең ірі жеңілістері
undefined Ресейде өтетін әлем біріншілігіне іріктеу турнирі аясының екінші турында Черногориядан оңбай жеңілдік. Қаратаулықтар ресми ойындарда Қазақстанға бес гол соққан үшінші команда болып отыр. Негізі, бас командамыз тұңғыш рет бес доп айырмашылығымен жеңілді. Қынжылтса да, жүзді төмен қаратса да Қазақстан ұлттық құрамасының әлем және Еуропа біріншілігіне іріктеу барысындағы ең ірі жеңілістерін еске түсіріп көруді жөн санадық.

Әлем чемпионаты 2006. Іріктеу кезеңі. 9 қазан 2004 жыл.                                     

Түркия-Қазақстан-4:0

Отандық футболшылар енді ғана қарт құрлықтың қарамағына еніп, еуропаның ұжымдарына қарсы ойнай бастаған кезі еді. Құрлық чемпионы Грекиямен және сапында Алтын доп иесі өнер көрсететін  Шевченкосы бар Украинамен, Түркия, Дания сынды ортаңғы көштегі командалармен бір топқа түскен Сергей Тимофеев жігіттері алғашқы ресми ойынды украиндармен өткізіп матчтың соңғы минутында ғана тең нәтижені жіберіп алған болатын. Ал, екінші тур аясында ұлттық құрама Стамбулда 0:4 есебімен түріктерге есе жібереді. Әйткенмен тәп-тәуір ойнаған-тұғын. Тек, тоқсан және тоқсан екінші минуттарда Фатих Текке соққан екі голдың нәтижесінде ғана аталмыщ ойын осы тізімге еніп тұр. Әлем чемпионаты 2006. Іріктеу кезеңі. 8 маусым 2005 жыл.  Қазақстан-Түркия-0:6 Түркияның төріндегі жеңілістен гөрі, Алматыдағы ойынның қорытындысы ауыр тиді. 20000 көрермен жиналған Орталық стадион ойын соңында ызадан жарылардай көрінген. Бірінші рет ұлттық құрамамыз өз жерінде екі доптан артық өткізді. Егемендігімізді тұңғыш болып мойындаған түріктер оңтүстік астанамызда қақпамызға жауапсыз алты голды соғып УЕФА-ға мүше болуымызбен “құттықтады”. Сол матчқа қатысқан екі футболшы бар қазір команда сапында. Байжанов пен Смаков. Мақсат бірінші тайм бітісімен алаңдағы орнын босатса, Самат екінші тайм барысында ойынға қосылды. Әлем чемпионаты 2010. Іріктеу кезеңі. 11 қазан 2008 жыл.  Англия-Қазақстан-5:1 Қара құрлықта өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан футболды ойлап тапқан ағылшындармен бір топқа түседі. 2008 жылғы Еуропа біріншілігінен сырт қалып, әлем алдындағы беделі сәл төмендесе де Англияның футболдағы ергежейлі елдерді ойсыратар қауқар әлі де бар еді. Қазақстанмен болатын екі ойынның алғашқысы Ұлыбританияның астанасында өтіп, 5:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасында аяқталады. Болашағынан зор үміт күттірген 20 жастағы Жамбыл даңқты "Уэмбли" стадионында гол соққан еді. Өз алаңымыздағы екінші кездесуде ағылшындар қақпасын дәл көздер ешкім табылған жоқ. Керісіше, Фабио Капелло баптайтын жігіттер жауапсыз төрт доп соғып кетеді. Әлем чемпионаты 2010. Іріктеу кезеңі. 1 сәуір 2009 жыл.  Қазақстан-Беларусь-1:5 Англияның жөні бір бөлек, ал Беларусьтан дәл сол есеппен ұтыламыз дегенді ешкім күтпеп еді. Алматыдағы ойын біз үшін жап-жақсы басталды. Абдулин тоғызыншы минутта есеп ашты. Үзіліске басымдылықпен аттандық. Алайда, матчтың екінші бөлігінде Бернд Шторк жігіттеріне не болғаны түсініксіз. Шыға сала Барселона футболшы Глеб таразы басын теңестірді. Екінші таймның жартысына жетпей-ақ Лория тағы үш мәрте допты қақпадан алып шықты. Ал, Астана футболшыларына жақсы таныс Виталий Родионов командасының бесінші голын соғып, қорытынды есепті тіркейді. Минсктегі матчта да төрт доп айырмашылығымен ұтылдық. Ұлттық құрамамыз сол іріктеу кезеңіндегі он ойында жиырма тоғыз гол өткізсе, сонын он сегізі ағылшындар мен белорустардан екен. Еуропа чемпионаты 2012. Іріктеу кезеңі. 26 наурыз 2011 жыл.Кайзерслаутерн Германия-Қазақстан-4:0 Соңғы екі іріктеу кезеңінде жеребе бізге немістерді сыйға тартыпты. Яғни, бүгінгі таңдағы әлем чемпиондарымен төрт кездесу өткізіппіз. Екі ойында 0:3 есебімен есе жібердік. Бір матчта 1:4 болып ұтылдық. Голдың авторы Генрих Шмитдгаль. Ұлттық құраманың немістерге соққан жалғыз доптың иесі неміс. Ал, ең ірі жеңіліс еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде орын алды. Клозе мен Мюллер дублдері Германияға айқын жеңісті сыйлайды. Әлем чемпионаты 2014. Іріктеу кезеңі. 16 қазан 2012 жыл. Австрия-Қазақстан-4:0 Чех маманы Мирослав Беранек қол астында біздің жігіттер осы іріктеу кезеңінде Қазақстан бес ұпай еншілігені бар. Оның төртеуі Фарер Аралдарына қарсы болса, біреуін «Астана-Аренада» Австриядан тартып алған едік. Алайда, Венадағы қарымта ойында австриялықтар бізді аяған жоқ. Қазақтанда жоғалған екі ұпайға қатты ашуланса керек Арнаутович бастаған алаң қожайындарыны Сидельников қақпасына бірден лап қойды. Бірінші таймда бір доп қана өткізіп, әуіпірімдеп жүріп минимальды есепті сақтап қалған еді. Дегенмен, екінші таймда Австрия таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді. Әлем чемпионаты 2018. Іріктеу кезеңі. 8 қазан 2016 жыл. Черногория-Қазақстан-5:0 Ойын алдында қарсылас бапкер біздің жігіттерді стандартты жағдайларда мықты дей тұра, сол қаруымызды өзімізге қарсы пайдаланды. Балқан түбегінің жігіттері аса қатты бойшаң, мығым болмаса да Байсуфинов шәкірттеріне қарағанда әлдеқайда шапшаң. Айып соққысынан кейін екі доп, бұрыштамадан кейін бір доп, Покатиловтың иелегіне еніп қос доп соғып Байсуфинов жігіттеріне жеңілістің улы дәмін татқызды. Черногорияға дәл осылай ұтыламыз деп ойламадық. Дегенмен, қарсыластың қақпасына тоқсан минут бойы дәл соққы бағыттамай, қорғаныстағы кешірілмес қателіктерден арылмай жатып одан артық сұрау да ұят.

                                                                                            Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×