" Жалт еттің де жоқ болдың, көрген түстей" немесе Қазақ ұландарының ойыны түріктерді тітіркендіріп тастады

03.09.2011, 07:21
" Жалт еттің де жоқ болдың, көрген түстей" немесе Қазақ ұландарының ойыны түріктерді тітіркендіріп тастады
[caption id="attachment_7056" align="alignleft" width="300" caption="Алаш жұртын құса қылған - Арда Тұран"][/caption]
Түркия - Қазақстан кездесуі. Ай, бұрынғы сарынға салып, бетіміз қарайып қайтпасақ болды деген үмітке үйренісіп-ақ қалған біздің құрамаға бұл бір ауыр тиді-ау!!! Бұрын түріктерден масқара боп ұтылып, біраз тәсі қайтқан ойыншылар мен жанкүйерлер  бұл жолғы едәуір қарсылықты көріп тіптен тең нәтиженің  иісін де сезіп қалған еді,  енді не қуанарымызды, не мұңаярымызды білмей дал болудамыз. Алғашқы да Йылмаздың Мокинді мойындатқанынын голын көріп, түріктердің кезекті гол салу атты сериясы  басталды деп демімізді бір тартқан болатынбыз. Алайда Ұлан сынды ұлымыздың  оң қапталдан оңдырмай тепкен добы қақпа ішінен табылған да қуанышымызда шек болмады. Тіпті бұл аз десеңіз, Гридин түрік қақпашысын бірнеше рет жалғыз торуылдап қайтты.  Мұндай тегеурінді әсте күтпеген Хиддинк тәлімгерлері де ашуға қамшы баса бастаған болатын. Тек қосымша уақытта Тұран бұл көңіл-күйіміздің астан-кестеңін шығарды. Оның асырған айып добы біздің қақпаның торын бір бүлкілдетіп тастады. Міне, осылайша жеңіске бергісіз жеңілістің ащы дәмін тартқан қазақтар өздерінің қалпақпен ұрып алар қарсылас емес екенін бір танытып тастады. Бұл орайда Беранектің де еңбегі зор. Әзірбайжанды әлсіретіп, түріктерді бір тітіркендіріп жіберген ұлттық құрама енді ғана тірілгендей болды. Алаш жұртын бір асқақтатып тыстады.
Түркия - Қазақстан 2-1
Голдар: Бурак 31 (1:0), Қонысбаев 55 (1:1), Тұран 90 (2:1)
Пенальти соға алмады: Бурак 62
Ескертулер: Сарыоглу 29, Тұран 80 — Логвиненко 76, Мокин 90, Нөсербаев 90
Алаңнан қуылды: Инан 90
Түркия: Демирел, Балта, Кесимал, Белезоғлы (Тере 60), Экижи (Шахин 51), Инан, Тұран, Коркмаз, Йылмаз, Казым (Булут 82), Сарыоглу
Қосалқы: Болат, Биринджи, Кейбаши, Томал
Қазақстан: Мокин, Киров, Логвиненко, Мұхтаров, Гурман, Нұрдәулетов, Шмидтгаль, Хайруллин (Остапенко 67), Қонысбаев (Нөсербаев 86), Шахметов (Байжанов 81), Гридин
Қосалқы: Логиновский, Көкеев, Хижниченко, Рожков
Төреші: Клеман Турпен (Франция)
Стамбұл. «Түрік Телеком Арена».
Йылмаздың Мокин қақпасына доп енгізген кезі Ұландай ұлымыздың ұлтының мерейін асырған сәті: Арданың Түркия құрамасына жеңіс сыйлаған голы:
Ризуан Азамат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×