Жамбылдық балалар үшін Жуалы ауданында жаңа футбол алаңы ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Б.Момышұлы атындағы ауылдағы спорт алаңын ашу салтанатты шарасына Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Михаил Гурман қатысты.
«Біз болашаққа сеніммен қараймыз. Қазір біз легионерлер жинап, маусымда бір жарысты жеңеміз. Содан кейін ше? Сондықтан біз өскелең ұрпаққа сенім артып отырмыз. Біз жергілікті кадрларға үміт артамыз, өз балаларымыздың талантын ұштауымыз қажет», - деп атап өтті Қ.Бозымбаев.
Аймақ басшысы атап өткендей, Жамбыл жерінде, шалғайдағы ауылдарда танымал спортшылар болған азаматтар жеткілікті. Оның ішінде футболшылар да баршылық.

Галина Скрипник