Жаңа маусымға дайындықты жаңа алаңда бастайды

“Тараз” ФК ойыншылары жоспарлы жаттығуларына кіріседі, деп хабарлайды Aladop.kz. 

Жаңа маусымға дайындықты жаңа алаңда бастайды

Оңтүстік ұжым маусым алдындағы жаттығуларын “Тараз Арена” спорт кешеніне тиесілі алаңда пысықтайды. Естеріңізге салсақ, 22 қараша күні аталған алаңның жасанды төсеніші жаңартылып, қосымша трибуналар орнатылған болатын. Енді міне осының игілігін алғашқылардың бірі болып “Тараз” ФК көретін болды. 

Айта кетейік, бұған дейін жамбылдық команда жыл сайын маусым алдындағы дайындығын “Жастар” стадионында жетілдіріп келді. Алайда аталған нысанның жасанды төсенішінің жағдайы жақсы деуге келмейді. Сондықтанда “Тараздың” кәсіби командасы “Алаң” жобасы арқылы қолданысқа берілген кішігірім стадионда бас қосатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Фк Тараз
Aladop Youtube
×