
“Ордабасы” ФК жаңа ойыншыларының ойын нөмірі белгілі болды.
Шымкенттік клубқа осы жазғы трансферлік ауысымда қосылған Абылайхан Жұмабек - 10-шы, Михай Кэпэцына - 16-шы, Владислав Наумец - 30-шы нөмірді өз атына тіркеді.
Еске салсақ, Абылайхан оңтүстік ұжымға түркістандық “Тұраннан” ауысып келді. Бұл футболшы Премьер-лигада 100-ден астам кездесу өткізген. Михай Кэпэцена болса, “Университатя Крайова” қатарынан қосылды. Румын 2024 жылы өз елі біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Клубта 30 нөмірді алған Владислав Наумец киевтік “Динамо” түлегі. Жас ойыншы кезінде Украина жастар чемпионатында екі мәрте үздік деп танылған.
Аталған футболшылар “Ордабасы” құрамын еурокубоктік ойындарда күшейту мақсатында алынды. Еске салсақ, 10 шілде күні Андрей Мартин шәкірттері Конференция Лигасындағы жорығын бастайды. Қарсылас - грузиялық “Торпедо” Кутаиси.
Біздің серіктес: FONBET