Жаңа ойыншылар үшін 130 миллион

05.05.2011, 00:02
 Жаңа ойыншылар үшін 130 миллион

Әзиз ӘМІРЕ. Ресейлік олигарх, «Челси» футбол клубының қожайыны Роман Абрамович чемпиондар лигасының қос құлақты кубогынан сырт қалып, ағылшын премьерасында алтын үшін жанталасатын командасын жаңа ойыншылармен толықтырмақшы. Ол үшін 80 миллион фунтты сарп етуге дайын. Роман клуб футболшыларының ойынынан жалыққанын, командаға жаңа леп керек екенін алға тартып, Сеск Фабрегас, Андрей Аршавин, Гарет Бэйл сынды ойыншыларға «құда түспек» ниеті барын аңғартты. 130 миллион долларды жаңа ойыншы сатып алуға жұмсайтынымен қоймай, футболшылардың жалақысын шектен тыс өсіріп жіберген Абрамович ақшасы жақында түгесілмейді-ау.

маса.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×