Жаңа спорт директоры тағайындалды

Марат Хайруллин - “Ақтөбе” ФК спорттық директоры қызметін атқаратын болады.

Жаңа спорт директоры тағайындалды

Ол 2023 жылдан бері клуб жүйесінде жүрген Сергей Доронченконың орнын басты. 

Марат Хайруллин “Ақтөбе” жанкүйерлерінің кезінде сүйікті ойыншысына айналған азамат. Жартылай қорғаушы 2007 жылдан 2015 жылға дейін 224 ойынға қатысып, 62 гол соқты. Сол арқылы әлі күнге дейін “Ақтөбенің” ең үздік сұрмергені деген атақты ешкімге бермей келеді.

Айта кетейік, Жеңіске қарсы жеңіліс ойынынан кейін бапкер Левчук қызметінен кетеді деген ақпарат тараған болатын. Алайда “Ақтөбенің” баспасөз-қызметі  Вячеслав әрмен қарайда клубта қала береді деген мәліметті жарыққа шығарды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ақтөбе ФК
Aladop Youtube
×