Спорттық нысан 55 мың орындықты құрайды.
Бұл стадион 2027 жылғы U-20 санатындағы Әлем чемпионатына дайындалып соғылуда. Нысан УЕФА мен ФИФА-ның барлық стандарттарына сай қылып соғылады.
Бүгін ел президенті Шавкат Мирзиеев стадионның алғашқы іргетасын қалау жұмыстарына қатысты.
Жалпы Өзбекстан бойынша 75 үлкен және 302 шағын-стадион бар. 2017 жылы мемлекетте ФИФА стандарттарына сай келетін тек 3 стадион ғана болатын. Ал қазірде олардың саны 10-ға жетті.
Жаңа Ташкент жерінде бой көтеретін стадион құрылысына 100 млн доллар жұмсалатын болыпты.