Жаңа заңға сәйкес футболшылардың жалақысы қанша болады? Қазақстандықтар мен легионерлерге байланысты айлықтың нақты көлемі бекітілді

11.09.2025, 15:25

Енді мемлекет қазынасынан қазақстандық футболшыларға тек 2 млн теңгеге дейінгі көлемдегі айлық төленетін болды.

Жаңа заңға сәйкес футболшылардың жалақысы қанша болады? Қазақстандықтар мен легионерлерге байланысты айлықтың нақты көлемі бекітілді
"Қайрат" ФК футболшыларының жаттығуы

Одан асатын соманы демеушілер есебінен төлеу міндеттелген. Сондай-ақ, 16-маусымда қабылданған заң жобасына сәйкес, легионерлердің жалақысына байланысты да өзгерістер бар. Заң қабылданғанға дейін келісімшартқа отырып үлгерген шетелдік футболшыларға осы жылдың соңына дейін жергілікті бюджет есебінен жалақы төлеуге рұқсат етіледі. Ал 16-маусымнан кейін келісімшартқа қол қойған легионерлердің айлығын тек қана демеушілердің қаражатынан төлеу міндеттеледі.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×