Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев талдықорғандық команданың атын өзгертіп, қаржыландыру жүйесінде үлкен өзгерістер болатынын айтты.
«Самат Смақовпен бірнеше рет кездестік. Құраманың талай жылғы капитаны. Жергілікті кадр, кәсіби маман. Алайда, оның бір команданы жеке басқару тұрғысынан тәжірибесі жоқ. Десе де, біз ақылдаса келіп Самат Смақов Қайрат Нұрдәулетовтің орнын басып, клубтың бас бапкері болады деп шештік. Осыған дейін айтқанымдай 1-қаңтардан бастап «Жетісу» футбол клубы деген болмайды, біз оның жұмысын тоқтатамыз. Клубтың қаржыландырылуын басқасын бәсекелестік ортаға тапсыр. Енді ол мемлекеттік тапсырыс, байқау арқылы күнін көретін болады», - деген еді Б. Исабаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі команданың атауында өзгеріс болатынын да жеткізді. Бірақ онда міндетті түрде Жетісу сөзінің боларын да қоса кеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET