Жаңаөзен қаласында орналасқан Әмін Тұяқов стадионы жөндеуден өтті

“ALAN” жобасы арқылы қолданысқа берілген спорттық нысанда Каспий командасы өнер көрсететін болды.

Жаңаөзен қаласында орналасқан Әмін Тұяқов стадионы жөндеуден өтті

Жаңаөзендегі стадионды жаңарту жобасы осы жылдың жаз айында қала әкімі Жансейіт Қайнарбаевпен келісіліп қойылған болатын. Жоспар бойынша спорттық нысан желтоқсан айында қолданысқа беріледі деген мақсат болған. Алайда құрылысшы мамандар нысанды уақытынан бұрын тапсырып, Жаңаөзен тұрғындарын бір қуантты.

Еске салсақ, Ақтаулық “Каспий” Бірінші Лигадағы өз алаң ойындарын BS Arena көпфункционалды спорт кешенінде өткізіп келген болатын. Алдағы уақытта Руслан Эсатов шәкірттері ойындарын дәл осы Әмін Тұяқов стадионында қабылдайды. 

Бұған дейін, “Алаң” жобасы Жамбыл жеріндегі “Тараз Арена” спорт кешені артында орналасқан жасанды алаңды жаңартып, қосымша трибуналар орнатып берген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×