Жаңбырға шыдамайтын стадион қалайша УЕФА-ның лицензиясын алып алған? «Қызыл-Жардың» алаңы жаңбырдың астында қалып, быт-шыты шықты

18.08.2025, 15:19

Петропавлда жаңбырдан кейін «Қарасай» стадионын су басып, алаң жарамсыз күйге түсті.

Жаңбырға шыдамайтын стадион қалайша УЕФА-ның лицензиясын алып алған? «Қызыл-Жардың» алаңы жаңбырдың астында қалып, быт-шыты шықты
"Қызыл-Жар" стадионы

Айта кетейік, мұнда сенбі күні ҚПЛ 21-тур ойыны өткен – 16-тамызда «Қызылжар» – «Жеңіс» матчы болған. «Қарасай» стадионының реконструкциясы 2025-жылдың мамырында аяқталды. Қайта жөндеу жұмыстарына мем бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінгенін айта кетейік. Реконструкция кезінде «Қызылжар» өз ойындарын Қостанайда өткізуге мәжбүр болған еді. Жобаны ұсынғандар алаң УЕФА стандарттарына сай әрі Еурокубок ойындарын қабылдауға дайын деген. Алайда, соңғы жағдайлардан кейін стадионның сапасына күмән туып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×