Жанкүйерлер Қазақстан чемпионатының матчтарына қашан бара алады?

07.10.2020, 15:18
Алматыдағы Орталық стадионнан басқа алаңдарда жанкүйерлер отыратын орын жоқ.
Жанкүйерлер Қазақстан чемпионатының матчтарына қашан бара алады?

ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев көрермендердің трибунаға оралуы туралы айтып берді.

«Бұл өте маңызды сұрақ. Біз жанкүйерлерді қайтару бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке орай, Талғарда, Сегізбаев академиясының алаңында және «Жас Қыран» стадионында санитарлық хаттаманың талаптарына сәйкес ауыстырылатын ойыншылар мен жеке құрамды орналастырудың өзінде-ақ трибуналар толып қалуда. Бірақ Орталық стадионға келетін болсақ, біз құзырлы органдарға шетелдік чемпионаттардың тәжірибесіне сүйене отырып, көрермендердің трибунаға ішінара оралу мүмкіндігін қарастыруды ұсындық», - деп түсіндірді Олжас Абраев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасынданы көрермендердің қатысуымен өткен соңғы ойын 11 наурызда Алматының Орталық стадионында өтті. Ол кезде 21-турдың кейінге шегерілген «Қайрат» - «Оқжетпес» (5:0) матчына 1400 адам қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×