ЖАҢЫЛЫСЫП АЙЫП ТӨЛЕДI

11.10.2011, 19:53
ЖАҢЫЛЫСЫП АЙЫП ТӨЛЕДI
Британдық “Фулхэм” футбол клубының ойыншысы Пайтим Касами 500 фунт стерлинг (583,5 еуро) айып төледi.
Ол Англия кубогi үшiн “Челси” клубына қарсы ойында пенальтидi дұрыс теппеген едi. Ойынның 47-минутында 19 жастағы швейцария­лық футболшы пенальти орындап, тепкен добы қақпа маңдайшасынан қайтқан. Кездесу тең аяқталып, жеңiмпаз пенальтиде анық­тал­ған едi. “Челси” ойыншылары қарсыластарын 4:3 есебiмен ұтып кеткен болатын. Осы жеңiлiстен кейiн “Пулхэм” клубының бас бапкерi Мартин Йол осындай шешiмге келiптi.
Пайтим “Фулхэмде” доп тепкенi үшiн аптасына 8 мың фунт стерлинг (9337 еуро) табатын көрiнедi.
«Жас Алаш»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
ЕЛШI ФУТБОЛШЫНЫ ҚҰРМЕТТЕДI
Келесі жаңалық
Cоңғы матч
Aladop Youtube
×