
2026-жылғы әлем чемпионатына іріктеуінің 7-туры аяқталды.
Бұл турда Жапония мен Бахрейн кездескен. Сайтамадағы (Жапония) «Сайтама 2002» стадионында өткен матчта Күншығыс елінің футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Жапония Әлем чемпионатына іріктелген алғашқы құрама атанды.
Жапония сапынан Даити Камада мен Такефуса Кубо мергендік танытты. Екі гол да екінші таймда соғылды. Жапония 3-топта бірінші орын алды. Команда жеті ойында 19 ұпай еншіледі.
Жалпы, Жапония 11 матчта жеңіліссіз келеді, тек Аустралия құрамасымен тең ойын өткізген. Дәл осы Австралия С тобында екінші орында тұр. Ал алты ұпайы бар Бахрейн бесінші орынға жайғасты.
Естеріңізде болса, 2026-жылғы Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл үш құрама финалдық кезеңде бақ сынайды. Ал Жапония мундиальдің төртінші қатысушысы атанды.
Біздің серіктес: FONBET