“Қайрат” командасы өзінің шабуылдағы көшбасшысынан ажырап қалды.
3 ақпаннан бері Түркияның Анталья қаласында жаттығып жүрген алматылық ұжымның қатарынан Дастан Сәтпаев шығып қалды. Бельгияға қарсы ойында жарақатымен өнер көрсеткен футболшы емделу үшін ендігі кезекте Қатарға жолға шықпақ. Сол аяқ санының бұлшықетінің ісу диагнозы бар жас вундеркинд осылайша “Қайраттың” Түркиядағы жиынын ерте аяқтады.
Айта кетейік, жиын барысында “Қайрат” Орта Азия дербиі саналатын “Пахтакормен” болған кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасты. Команда алдағы уақытта “Оренбург”, “Пари НН” ұжымымен екі бақылау кездесуін өткізеді.
Егерде Дастан Сәтпаевтың қатарға оралу сәті ұзаққа созылып кетсе, онда “Қайратқа” тағы бір шабуылшы қарастыру керек. Неге десеңіздер, Рикардиньо жазға таман клубтан кетеді. Ал Эдмилсон мен Жоржиньоға қосымша тағы бір форвард керек.