РПЛ-дің басты дербилердің бірі – "Динамо" мен "Спартак" арасындағы кездесу тартысты өтті. Мәскеу дербиі 2:2 есебімен тең аяқталды.
Бұл ойында Қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше жаңалық ұзақ уақыт жарақаттан емделген Бахтиёр Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шыққаны болды. "Динамо" бас бапкері Валерий Карпин сенім білдіріп, оны бастапқы минуттардан-ақ ойынға қосты.
Зайнутдинов белсенді ойынымен көзге түсті. 55-минутта сары қағаз алып, 88-минутта алмастырылды. Оның алаңға оралуы "Динамо” үшін маңызды жаңалық саналады, себебі команда соңғы ойындарда тұрақсыз нәтижелер көрсетіп келген.
Қазіргі уақытта "Динамо” турнир кестесінде 8-орында тұр, еншісінде – 9 ұпай.