Жардим және оның көмекшілеріне 8 миллион еуродан өтемақы төленеді

29.12.2019, 22:33
Жардим және оның көмекшілеріне 8 миллион еуродан өтемақы төленеді

Айта кетейік, "Монако" басшылығы португалиялық маманды ерте қызметінен босатқан болатын.
Енді "Монако" басшылығы бас бапкер Леонардо Жардиммен бірге қызметінен кеткен көмекші Нельсон Кальдейра, Антонио Виейра мен Хосе Барроареге 8 млн. еуродан өтемақы төлейді. Бұл туралы Monaco-Matin порталы хабарлады.

Себебі, жаңа бапкер Роберт Морено өз жаттықтырушылар қосынымен жұмыс істейтін болыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Жардим "Монакоға" алғаш 2014 жылдың жазында бапкер болып тағайындалған. 2018 жылдың қазанында қызметінен босатылған еді. Алайда 2019 жылы қаңтарында қайта тізгін ұстаған-ды.

Ал Морено 2019 жылы маусым-қараша аралығында Испания құрамасын жаттықтырған. Оның алдында Испания құрамасы мен "Барселона", "Сельта" және "Ромада" бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×