Елордалық «Астана» 31 жастағы черногориялық қорғаушы Жарко Томашевичтің командадан кеткенін хабарлады.
Черногориялық қорғаушының келісім-шарт мерзімі аяқталған екен.
Томашевич «Астанаға» 2019 жылы қосылды: сол жылы клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды. Елордалық клуб үшін 48 ойын өткізіп, 6 гол соқты, 2 нәтижелі пасы бар.
Қорғаушыға «Тобыл» клубы қызығушылық танытуда. Қостанайлық клуб «Астананың» экс-қақпашысы Дмитрий Непогодовпен де келіссөздер жүргізуде.
Біздің серіктес: FONBET