34 жастағы маман қасқырлар ұжымының сарапшы-бапкері қызметін атқаратын болды.
УЕФА-ның А категориялы лицензиясы бар маман 2025 жылы “Қайсардың” U18 және Қазақстан құрамасының U17 командасында жұмыс атқарды. Оның тізгінінде қасқырлар QJ League турнирінде барлығы 42 матч өткізіп, соның 8 жеңіп, 12 тең ойнап, қалған 22 жеңілді.
Жарқынбек Жоламанов Қызылорда футболынан шыққан таланты ойыншылардың біразын жаттықтырған. Ол өңірдегі жас аяқдопшылардың әлеуетін шеттен келген Андрей Ферапонтовтан жақсы түсінеді. Сол себептен Исламғали Қозбақов бастаған басшылар тобы “Оқжетпестің” экс-бапкеріне көмек ретінде осы Жарқынбекты көмекшілерінің бірі қылып тағайындап отыр.