
Лихтенштейн құрамасы
Лихтенштейн құрамасының техникалық директоры Рене Паурич Meta-ratings.kz-ке көлемді сұқбат беріп, жергілікті футболдың жай-жапсарымен таныстырды.
«Бізде кәсіби деңгейде өнер көрсетіп жүрген небары бес-ақ футболшы бар. Олардың төртеуі «Вадуц» сапында Швейцарияның екінші деңгейлі дивизионында доп тебеді. Ал қалғандары кәсіби футболшы емес. Дені студент немесе жұмысшылар. Көбісі Швейцария чемпионатының бесінші-алтыншы дивизиондарында өнер көрсетеді. Олардың ешқайсысы тек футболмен күн көрмейді, басқа салалардан табыс табуып жүр», - деді Р. Паурич.
Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында өзінің екінші кездесуін өткізеді. Бүгін ұлттық команда Лихтенштейнге қарсы кездесу өткізбек. Бұл матч біздің уақытпен 00:45-те басталады.
Біздің серіктес: FONBET