Жарық өшкені үшін «Тараз» клубы қанша айыппұл төлейді?

15.10.2025, 23:22

26 қыркүйек күні Бірінші лиганың 23-туры аясындағы «Тараз» - «Қайрат-Жастар» матчында бірінші тайм аяқталғаннан кейін, 1 сағаттай жарық болмап еді. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті шешім шығарды.

Жарық өшкені үшін «Тараз» клубы қанша айыппұл төлейді?

«2025 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы футболынан Бірінші лига чемпионатының 23-тур ойыны кезінде «Тараз» – «Қайрат-Жастар» командалары арасындағы матчта стадион жарығының ақаулығы мен өшуі, қауіпсіздік ережелері мен Біріншілік регламентінің талаптарын сақтамау дерегіне байланысты «Тараз» футбол клубына 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 393 200 (үш жүз тоқсан үш мың екі жүз) теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

«Тараз» ФК аталған айыппұлды 2025 жылғы 7 қарашаға дейін (қоса алғанда) төлеуі тиіс», - делінген хабарламада.

Бұл ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×