Алматылық "Қайрат" Астана тумасы Шерхан Қалмұрзамен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан чемпионы өз академиясының түлегі, талантты жас қақпашы Шерхан Қалмұрзамен ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Жаңа келісімнің шарттары бойынша, Шерхан Алматылық ұжым сапында 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін өнер көрсететін болады.