«Жас Қанат» Премьер-лига ойындарын қабылдай алады

10.03.2021, 21:30
Алаңның жаңартылған төсеніші ҚКФЛ талаптарына сай келді.
«Жас Қанат» Премьер-лига ойындарын қабылдай алады

Ақтау қаласында орналасқан «Жас Қанат» стадионында жаңарту жұмыстары өткізілген жасанды алаңның маусымға дайындығы тексерілді.

Жасанды алаңның ішкі лицензиясының мерзімін ұзарту мақсатымен ҚФФ алаңдарды тексеру Комиссиясы төсенішті жаңартуға ұсыныс жасады. Алаңның техникалық қасиеттерін анықтау үшін Қазақстан футбол федерациясынан рұқсат алған LABSPORT лабораториясы тексеру жұмыстарын өткізді.

Жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысу үшін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Ақтауға арнайы іссапар жасады.

- Кезекті футбол маусымының алдында Лига мен алаңдарды тексеру Комиссиясы қыздыру жүйесімен жабдықталмаған жасанды төсеніштерді арнайы тексерістен өткізеді. Қауіпті жағдай Ақтау және Петропавл қалаларында орын алды. Аталмыш қалалардағы төсеніштер ескі, сол себепті лицензияны жалғастыру үшін түпкілікті жаңарту жұмыстарын қажет етеді. Ұсынылған жұмыстарды өткізгеннен кейін, алаң сапасы жоғарлап, OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының ойындарын өткізу талаптарына сай келеді. Бірақ біз инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын өткізуге кеңес береміз. «Жас Қанат» стадионы алдағы уақытта жаңа деңгейге шығатынына сенемін, - деп қорытындылады Абраев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×