Жас қазақстандық футболшы Ла Лига клубында қаралымнан өтуде

23.01.2022, 17:18
Футболшы бір апта бойы испаниялық клубтың жаттығу жиынына қатысады.
Жас қазақстандық футболшы Ла Лига клубында қаралымнан өтуде

«Тараз-Қаратау» командасы мен Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Асқар Сатышев Испанияға аттанды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

19 жастағы футболшы бір апта бойы «Гранада» жастар командасында қаралымнан өтеді. Содан кейін оның болашағы туралы шешім қабылданады.

Өткен маусымда Сатышев Бірінші лигада 10 матч, сондай-ақ 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы жейдесінде үш ойын өткізді. Ал желтоқсан айында жаттығу жиынына қатысу үшін Қайрат Нұрдәулетов баптайтын жастар құрамасының (U21) орналасқан жеріне шақыртылды.

«Гранада» Испания чемпионатының жоғарғы дивизионында ойнайды және қазір 14-ші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×