Жас талант пен сақа сұрмерген "қызыл сойқандарға" жеңіс алып келді

20.02.2017, 07:57
Жас талант пен сақа сұрмерген "қызыл сойқандарға" жеңіс алып келді
Англия Кубогінің 1/8 финалында "Манчестер Юнайтед" қонақта "Блэкбернді" қапы қалдырды. "Қызыл сойқандар" үшін оңай жеңіс болған жоқ. Олай дейтініміз, ойындағы алғашқы голды алаң иелері сапынан 17-минутта Грэм соқты. Бірақ қуаныштары тек 11 минутқа созылды. "Манчестердің" жас жұлдызы Рэшфорд 28-минутта есепті теңестіріп кетті. Содан соң командалар алма-кезек шабуылдаумен болды, бірақ таблодағы көрсеткіш өзгермеді. Ойын осылай жалғаса берсе өздеріне қиын болатынын сезгендей Моуриньо шабуыл шебін күшейту үшін 62-минутта алаңға Златан мен Погбаны шығарды. Златан алаңнан голсыз кетсін бе? Ойынға шыққанынан 15 минут өткен соң, яғни 76-минутта "қызыл сойқандарды" есепте алға шығарды. Голдық пасты Погба берді. 2017 жылдағы бес голдық пасының барлығын Погба осы "швециялық корольге" берген екен. Сөйтіп, Моуриньоның бұл жүрісі өз нәтижесін берді. Ойын соңына дейін таблода осы есеп сақталып қалды. Сонымен, "Манчестер Юнайтед" Англия Кубогінің 1/4 финалына шықты. Бұл кезеңде оларды оңай қарсылас күтіп тұрған жоқ. Олай деуімізге себеп - қазіргі сәттте Англия премьер-лигасының көшін бастап тұрған лондондық "Челсимен" күш сынасады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×