“Жасанды жабын бізге кедергі емес” Уэльс капитаны “Астана Арена” туралы пікір білдірді

04.09.2025, 09:20

Уэльс құрамасының капитаны Бен Дэвис Қазақстанға қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында "Астана Аренадағы" алаң сапасына оң бағасын берді.

“Жасанды жабын бізге кедергі емес” Уэльс капитаны “Астана Арена” туралы пікір білдірді
Ben Davies

"Иә, бізде ешқандай сылтау жоқ. Бүгін алаңда жаттығу өткіздік. Жасанды жабын болса да, сапасы жақсы екен. Жаттығуды сәтті өткіздік." — деді Дэвис.

Сондай-ақ ол құрамадағы күтпеген жарақаттар туралы пікір білдірді:

"Иә, ойыншылардың жарақат алуы біз үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ бұл басқа футболшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Алдағы матчтарда олар өз қабілеттерін дәлелдейді деп ойлаймын." — деп қосты Дэвис.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×