
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (17 жасқа дейін) Еуро-2025 екінші іріктеу раундында топта жеңіске жетті.
19-наурызда Грузиядан 3:0 есебімен басым түссе, бүгін Литваға бес гол соқты - 5:2.
Исмаил Бекболат хет-трик авторы атанса, Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар да мергендік танытты. Үш ойыншы да былтырғы маусымда «Қайрат» сапында өнер көрсеткен болатын.
Қазақстан - Литва - 5:2
21-минут - Абылай Төлеухан (1:0)
26-минут - Симас Грабаускас (1:1)
58-минут - Исмаил Бекболат (2:1)
63-минут - Адомас Буйкус, пенальти (2:2)
75-минут - Юлиус Пнлачюнас
75-минут - Дәулет Орынбасар,
пенальти (3:2)
80-минут - Исмаил Бекболат (4:2)
89-минут - Исмаил Бекболат (5:2)
Естеріңізге сала кетейік, Грузиямен өткен матчта Орынбасар дубльмен көзге түссе, үшінші голды Бекболат соққан. Енді топ жеңімпазы ретінде Қазақстан Еуро-2026/27-ге іріктеуде А лигасында ойнайды.
Айта кетейік, Еуро-2025 бірінші іріктеу раундында құрамамыз Бельгия (1:3), Украина (0:3) және Косовомен (4:4) ойнаған еді. Бұл кездесулерде 16 жасар Дастан Сәтпаев капитан атанды.
УЕФА жасөспірімдер арасындағы Еуроның форматын өзгерткен. Енді А және Б лигалары болады, турнир жыл бойы жалғасып, командалар нәтижеге қарай лигаларға ауысып отырады.
Біздің серіктес: FONBET