“Оқжетпес” клубы өз тәрбиеленушілерімен келісімге келді.
Өткен маусымда “Оқжетпестің” 2009 жылғы командасымен QJ League турнирінің В дивизионында қола жүлдегер атанған бірнеше футболшы өзінің алғашқы кәсіби келісім шартына қол қойды. Атап айтсақ, Темірлан Қалымжанов, Александр Шульдайс, Ерсат Есім және Артем Шиманский келер жылы Көкшетау командасының дублінде өнер көрсетеді.
Мәселен, Темірлан Қалымжанов жартылай қорғаушы бола тұра, жасөспірімдер турнирінде 18 матч өткізіп, 15 гол мен 10 голдық пас берді. Ол QJ League-ның 2025 жылғы В дивизионындағы үздік ойыншысы атағына ие.
Еске салсақ, “Оқжетпес Жастар” Екінші Лиганың Оңтүстік-Шығыс Конференциясының өткен маусымында 18 ұпаймен турнир кестесін 9 орын аяқтаған болатын.