Премьер-лиганың "Елімайға" қарсы бүгінгі кездесу Жасұлан Молдақараев үшін ерекше маңызға ие болды (1:1).
Жасұлан Молдақараев “Оқжетпес”, “Ордабасы”, “Тобыл”, “Қайсар” және “Ұлытау” командаларының барлығын қосқанда, ішкі чемпионатта 300 ойынын өткізді.
Қазірде тәжірибелі шабуылшы “Ұлытау” командасының намасын қорғауда. Ол осы маусым қорытындысы бойынша жаңа облыс ұжымында 13 ойын өткізіп, 3 гол мен 1 голдық пас берді.
Айта кетейік, Молдақараев ішкі чемпионаттағы ең егде жастағы футболшылар саналатын Игорь Стасевич (39 жас) және Марин Томасовпен (37 жас) бір қатарда доп тебуде.