Жасұлан Қайыркенов «Ақсуға» ауысты

09.02.2022, 03:12
Футболшы павлодарлық клубқа жалға берілді.
Жасұлан Қайыркенов «Ақсуға» ауысты

«Ақсу» 21 жастағы жартылай қорғаушы Жасұлан Қайыркеновпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Жартылай қорғаушы павлодарлық клубқа жалға берілді. Ойыншының құқығы әлі де «Астанаға» тиесілі.

Жасұлан Қайыркенов - Павлодар футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Бірақ жастайынан «Астананың» қосалқы командаларында өнер көрсетті.

Қайыркенов 16 жасында «Астананың» екінші командасында дебют жасады, ал 18 жасында негізгі құрамдағы алғашқы кездесуін өткізді. Соңғы екі маусым бойы «Атырау» сапында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. Өткен маусымда Қайыркенов ҚПЛ-да 20 матч өткізіп, бір гол соқты. Ол Қазақстан жастар құрамасына тұрақты түрде шақырылтылып тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×