Жасұлан Жұмашев: «Қайрат» дәл қазір қарсыласына қарағанда бабында

15.07.2025, 16:45

Қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Жасұлан Жұмашев "Аладоп.кз" сайтына Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" - "Олимпия" Любляна арасында болатын қарымта ойынға байланысты болжамын берді. Командалар арасындағы бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді.  

Жасұлан Жұмашев: «Қайрат» дәл қазір қарсыласына қарағанда бабында
"Олимпия" Любляна - "Қайрат" кездесуі

“Меніңше, «Қайрат» дәл қазір қарсыласына қарағанда бабында және осы фактор нәтижеге әсер етуі ықтимал. Одан кейін өзінің алаңында ойнайтынын ескеру керек. Жалпы, «Қайрат» бүгін 2:1-мен жеңіске жетеді деп есептеймін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ел намысын Еурокубоктерде қорғайтын қазақстандық командаларға жеңіс тілеймін! Турнирде барынша алысқа жетулеріне тілектеспін”, – деп ойын түйіндеді жартылай қорғаушы. 

”Қайрат” – “Олимпия” Любляна кездесуі бүгін 20:00-де басталады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×