Жасурбек Яхшибоев “Андижан” клубымен келісімге келді

Шабуылшы 2023/24 жылғы маусымда “Ордабасы” сапында өнер көрсеткен болатын. 

Жасурбек Яхшибоев “Андижан” клубымен келісімге келді

Команданың жаңа бапкері Самвел Бабаян клубқа келісімен Жасурбек Яхшибоев пен Жамшид Балтабаевты қатарға қосты. Бұл футболшылар Бабаян “Навбахорда” қызмет жасағанда қол астында ойнаған болатын. 

Еске салсақ, 2023/24 жылғы маусымда Жасурбек шымкенттік "Ордабасыға" ауысып келген болатын. Жалпы Қазақстанда шабуылшы 27 матч өткізіп, 9 гол мен 4 голдық пас берді.

Айтпақшы, 2021 жылдың 28 қыркүйегінде Яхшибоев "Шериф" сапында атақты “Реал” Мадрид қақпасына гол соқты. “Сантьяго Бернабеуде” болған сол кездесу Юрий Вернидуб баптаған молдавиялық ұжым үшін 2:1 есебімен сәтті аяқталғанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Ордабасы
Aladop Youtube
×