Жаз айындағы ТОП-10 трансферлік ауысым

01.09.2011, 05:29
Жаз айындағы ТОП-10 трансферлік ауысым
Жаз айында Еуропалық алпауыт клубтар өздерінің осал деп тапқан тұстарын күшейтіп, құрамдарын жаңа ойыншылармен толтырып жатады.  Сіздерге жазғы трансфер терезесі ашылғаннан бері орын алған ең ірі 10 трансферлік ауысымды ұсынып отырмыз. Төменде берілген  трансферлердің қайсысы ең сәтті әрі ұтымды екенін айтып, өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар!!!  Жазғы футбол базарының  www.transfermarkt.de сайтының сараптамасы бойынша ең қымбат ойыншылары:
Кун Агуэро
Манчестер Сити
45.000.000 €
Хавьер Пасторе
ПСЖ
43.000.000 €
Фалкао
Атлетико Мадрид
40.000.000 €
Фабио Коэнтрау
Реал Мадрид
30.000.000 €
Сеск Фабрегас
Барселона
29.000.000 €
Ең ірі 10 трансферлік ауысым
10. Монуель Нойер. Қақпашы, 25 жаста, Германия. «Шальке-04» (Германия) - «Бавария» (Германия). 22 миллион евро. Неміс жерінде талантымен танылып келе жатырған жас ойыншыны «Баварияның» өз сапына кіргізіп алуы бұрыннан келе жатырған қағида. Чемпиондар Лигасы мен соңғы Әлем біріншілігінде өз қақпасын неше түрлі соққылар мен мүмкін болар голдардан құтқарып, әлемді өзіне қаратқан Нойер германия төрінде Оливер Каннан кейінгі танымал қақпашы болары хақ. Әзірші «Бавария» қақпасын күзетуші біріншілік басталғаннан бері өзі үшін жіберілген көп қаражатты ақтауда. 9. Ромелу Лукаку. Шабуылшы, 18 жаста, Бельгия. «Андерлехт» (Бельгия) – «Челси» (Англия). 22 миллион евро. Тағы да бір жас болса да таланттылығымен ерекшеленіп жүрген ойыншы Лукаку жақында туған жерін тастап, «Аристократтардың» ойыншысына айналған болатын. 18 жасар футболшы 2009 жылдан бері «Андерлехттың» жейдесімен 73 ойын өткізіп, 33 гол соғып үлгеріпті. Әлемді таңдандырып, Европаны өзіне қаратқан Ромелудың болашағына Бельгия жұртының үміті зор. 8. Стюарт Даунинг. Жартылай қорғаушы, 27 жаста, Англия. «Астон Вилла» (Англия) – «Ливерпуль» (Англия). 22, 8 миллион евро. «Ливерпуль» бұл біріншілікте жаңа ойыншылармен толықтырылып, жанкүйерлеріне бұрынғы азулы «Ливерпульды» көретіндей үміт сыйлады. Әрине «Астон Виллаға» Эшли Янгтан кейін тағы да белді ойыншыдан айырылу ауыр соққы боп тиюі мүмкін. Бірақ мұндай арзан клубтарға көп ақша ұсынғанда бетін қайтару қиын. Оның үстіне 27 жасар ойыншының да жеңімпаздардың ішінен көрініп, жүлделерді қоржынына салуды ойлайтыны анық. 7. Златан Ибрагимович. Шабуылшы, 29 жаста, Швеция. «Барселона» (Испания) – «Милан» (Италия). 24 миллион евро. Швециялық шабуылшы «Миланның» сапында былтырдан ойнайтын, тек «Барселонадан» жалға алған еді. Біріншілік біткеннен кейін россонерри Ибрагимовичты каталондық клубтан 24 миллион евроға сатып алды. Енді Златан - италиялық ұжымның ресми ойыншысы. 6. Алексис Санчес. Шабуылшы, 22 жаста, Чили. «Удинезе» (Италия) – «Барселона» (Испания). 26 миллион евро. Биылғы жазда Чили шабуылшысына құда түскен Европаның азулы ұжымдары көп болды. Санческе 26 миллион евро берген «Барселона» барлық клубтардың үмітін үзді. Санчес осынша ақшаға тұра ма деген ойдан аулақ болғанымыз жөн. Оның соңғы кездері «Удинезе» сапында көрсеткен ойынын көрсек жеткілікті. Алайды А сериясының ортаңғол командасы мен Европаның ең үздік командасында ойнау екі түрлі, бірақ Алексисті бұл қорқытпауы керек. 5. Хуан Мануель Мата. Жартылай қорғаушы, 23 жаста, Испания. «Валенсия» (Испания) – «Челси» (Англия). 26, 7 миллион евро. Мата «Аристократтармен» бес жылдық келісімге келіп, клубтың жаздағы төртінші жаңа ойыншысы болып танылды. «Валенсия - үлкен клуб, алайда мен жаңа жеңістерге жете алатын одан да үлкен клубқа ауыстым» деп, «Челсидің» жаңа ойыншысы ағынан жарылды. 4. Самир Насри. Жартылай қорғаушы, 25 жаста, Франция. «Арсенал» (Англия) – «Манчестер Сити» (Англия). 27, 5 миллион евро. «Конанирдің» төртінші жаңа ойыншысы Самир Насри апта сайын 180 мың фунт алатыны белгілі болды. 24 жасар француздық бұрын «Арсеналда» 185 ойын өткізкіп, 18 допты қарсыластың қақпасында тулатыпты. 3. Сеск Фабрегас. Жартылай қорғаушы, 24 жаста, Испания. «Арсенал» (Англия) – «Барселона» (Испания). 29 миллион евро. Енді алғашқы үштікке көшсек. Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Сеск «Барселонамен» келісімге келіп, бес жыл каталондық клубтың намысын қорғайтын болады. Фабрегас «Арсеналда» сегіз жылдай тер төгіп, команданың капитаны деген дәрежеге дейін көтерілеген болатын. Ал қазір испаниялық плеймейкер «Барселона» сапында ойнап-ақЕвропа Суперкубогі мен Испания Суперкубогін алып, екі ірі жеңіске жетіп үлгерді. 2. Фабио Коэнтрау. Қорғаушы, 23 жаста, Португалия. «Бенфика» (Португалия) – «Реал Мадрид» (Испания). 30 миллион евро. «Бұл жазда мен бір жаққа кететін болсам - ол тек Реал болмақ». Бенфика қорғаушысының мына бір сөзі шындыққа айналды. Мауринью өз клубының сол қапталдағы қорғанысы әлсіз және ол орынға Коэнтрау лайықты деп тапса керек. Енді «Бенфикаға» өзінің талантты тәлімгерінен 30 миллион еуро ғана естелікке қалaды. 1.Серхио Агуэро. Шабуылшы, 23 жаста, Аргентина. «Атлетико Мадрид» (Испания) – «Манчестар Сити» (Англия). 45 миллион евро. «Манчестер Ситиге» жыл сайын көп ақша шашып, қымбат ойыншыларды өз құрамына енгізу дәстүрге айналған секілді. Аргентинилық шабыушыға он адамның тоғызы бұл клубқа көшпегені жөн деп кеңес берді. Бірақ бұлардың бекер айтылған сөз екені Премьер-Лиганың алғашқы турларынан-ақ белгілі болды. Марадоннаның күйеубаласы англиялық клубтың негізгі құрамына кіріп, «хет-трик» жасап та үлгерді. Есет ТӨЛЕШ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×