Жартылай қорғаушы Иван Башич “Зимбрумен” болған кездесуде гол соқты (1:1).
Футболшы кездесудің 56 минутында Никола Чеботару қорғаған қақпаға алыстан соққы жасап, есепті теңестірді. Бірақ босниялықтың жалғыз голы “Астананың” жеңісі үшін жеткілікті болмады.
Айта кетейік, Иван бұған дейін елорда ұжымы қатарында 3 ойын өткізді. Алайда ол кездесулерде Башич нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Бүгінгі ойындағы гол босниялық үшін “Астана” сапындағы алғашқы болып тіркелді.
23 жастағы жас аяқдопшы сары-көктер командасына ресейлік “Оренбургтен” ауысып келді. Онда Башич жалпы алғанда 86 кездесуде жасыл алаңға шықты.
Трансфермаркт порталы Иванды 1.20 млн еуроға бағалап отыр.