Жексенбіде тамашалауға міндетті ойындар

17.01.2015, 03:58
Жексенбіде тамашалауға міндетті ойындар
Өткен турдың қорытындысы бойынша Ағылшын Премьер-Лигасында көшбасына "Челси" шыққаны белгілі. "Ақсүйектер" бірінші айналымда жеңілген "Нюькаслден" Лондонда есе қайтарды. Ал, "Манчестер Сити" қонақта "Эвертонмен" тең түскен еді. Енді "Челси" мен "Манчестер Ситидің" арасы екі ұпай. Осы айдың, яғни қаңтардың соңғы күнінде екі көшбасшы жолығатын болады. Ал, ол матчқа дейін, Пеллегрини командасының азулы қарсыласы жексенбі күні кездесетін "Арсенал" болып тұр. Венгер командасындағы басты жағымды жаңалық команда сапына жарақаттан айығып футболшылар қайта оралып жатыр. Тео Уолкотт пен Месут Өзіл соңғы Стокпен болған кездесуде екінші таймда алаңға шықса, Аарон Рэмзи Манчестерде алаңға шығуға сақадай сай. Бұған Алексис Санчестің жарқын ойынын қосыңыз. Соңғы 9 ойында чилилік сұрмерген 5 гол салып, 6 нәтижелі пас берген. Лондондағы "Стокқа" қарсы ойынның нәтижесі де Алексистің жақсы ойының арқасында келді десек болады. 2 гол салды, 1 голға айналған пас берді. Әрине, Санческе қарсы ойнау Англия чемпионы үшін қиын соғатыны түсінікті. Екінші жағынан, Мануэль Пеллегрини командасында да жақсы жаңалық бар. Үздік сұрмерген Серхио Агуэро жексенбі күні "Арсеналға" қарсы ойында алаңға шыға алады. Бірақ, жартылай қорғаныстың қожайыны Яя Туре мен, командаға жақында ғана Суонсиден ауысып келеген Вильфрид Бони Кот-д'Ивуар ұлттық құрамасының намысын қорғау үшін қара құрлыққа аттанды. Дегенмен, бұл жағдай қалалықтар үшін қиындық туғызбауы керек. Фернандо-Фернандиньо жұбы жартылай қорғаныстың қамалын берік қылуы тиіс. Тең нәтиже екі команданы да қанағаттандыра алмайды. "Манчестер Сити" "Челсиді" ұзатып алуы мүмкін. "Зеңбірекшілер" осы маусымда Чемпиондар Лигасына жолдама алу үшін былтырғыдан да қиын соғатының  түсінеді. Куманның "Саутгемптоны" бар, ес жиып келе жатқан "Манчестер Юнайтед" бар, "Тоттенхэм" тағы бар. Онымен қоса, "Ливерпульдің" де ойыны мен нәтижесінің түзеліп келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, қарсылас кім болмасың "Арсенал" жеңуге барын салады. Бірінші айналымда екі команда тартысты өткен Лондондағы кездесуде 2:2 есебімен тең түскен еді. Ал, "Эттихад" стадионда екі команданың қатысуымен болған ойын өткен маусымда өтіп,  "Арсенал" үшін масқара есеппен(3:6) аяқталған еді. Ал, бұл маусымда Манчестерде не боларын жексенбі күні білетін боламыз. Бұл ойында Казспорт арнасынан Астана уақыты бойынша 22:00 де тікелей эфирде тамашалай аласыз. "Севилья"-"Малага" Примера. Прогноз на матч Севилья – Малага дали эксперты (18.01.2015) Өткен тур "Севилья" үшін өте сәтті болды. Унаи Эмери шәкірттері қонақта "Альмерияны" 2:0 есебімен жеңді. Онымен қоса, қарсыластарының бәрі сүрініп нұр үстіне нұр болған еді. "Малага" мен "Вильяреал" өзара тең түссе, "Валенсия" да қонақта "Сельтадан" айласын асыра алмаса, "Атлетико" Камп Ноуда "Барселонаның" қарқынына төтеп бере алмады. Сөйтіп, андалусиялықтар төртінші орынға көтеріліп қана қоймай, үшінші орындағы "Атлетикоға" екі ұпай қашықтықта жақындады. Оған қоса, "Севильяның" бір ойын кем өткізгенін білеміз. "Севильяның" ендігі қарсыласы "Малага" болмақ.  Екі жыл бұрын Чемпиондар Лигасының жартылай финалына шығуға 4 минут қана жетіспеген "Малага", былтыр адам танымастай өзгерді. Клуб қарызға белшесінен батты, команданың тіпті Премьерада орнын сақтап қалу үшін таласқан кездері болды. Бірақ, адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң демекші, басшылықтың ұтымды жоспарының арқасында команда есін жиды. Ең бастысы, жас түлектерге үміт артты. Оның нәтижесi жаман емес. "Малага" бүгін еурокубоктерге жолдама беретін орынға таласып жүр. Соңғы бес кездесуде "Севилья" "Малаганы" жеңе алмай келіпті. Дегенмен, "Севилья" өз алаңында ойнайтындықтан матч фавориті. Біріншіден, өз алаңында ойнайды. Екіншіден, "Севильяның" бүгінгі қауқары "Малаганы" жеңуге жетеді. Команда соңғы бес ойында 15 ұпайдың 13-ін еншілепті. "Лацио"-"Наполи" Екі аптаның ішінде Рим шаһары екі қызықты футбол матчының куәгері. Біреуі-өткен аптада болған кәрі құрлықтағы ең үздік дербилердің бірі "Рома"-"Лацио" кездесуі. "Олимпико" стадионындағы қанды шайқас 2:2 есебімен аяқатлған еді. Екіншісі, осы аптаның соңғы күнінде өтетін "Лацио"-"Наполи" ойыны. Бар болғаны 3-4 аптаның ішінде "Лацио" ортаң қол командадан 3-ші орынға таласта басты фаворитке айналды. "Наполидің" чемпионаттағы ойыны бір қалыпқа түсер емес. Маусым басында, "Наполи" мен "Рома", Скудеттоға таласта "Ювентуспен" қарсыласа алады деп күтілген. Іс жүзінде "Ювентус" пен "Рома" Бенитес командасынан біраз ұзап кеткенін көріп отырмыз. Қос команданың да көздегені Чемпиондар Лигасына жолдама беретін үшінші орын. Әрине, екеуі де чемпиондыққа таласа алмайтыны белгілі. Ал, осы турдың қорытындысы бойынша үшінші орында кімнің тұрарын екі күннен кейін білетін боламыз.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×