«Жеңіс» 10 ойыншымен жеңісті есепті сақтап қалды

13.07.2025, 20:16

Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турындағы матч Павлодарда өтіп, елордалық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісу» клубымен жолықты,

«Жеңіс» 10 ойыншымен жеңісті есепті сақтап қалды

Алғашқы таймда астаналықтар толық басымдыққа ие болып, екі бірдей жауапсыз гол соқты. Алдымен 31-минутта Аслан Әділ есеп ашса, 41-минутта Дінмұхамед Қараман пенальтиден есепті еселей түсті. Қонақтар бірінші таймда бірде-бір дәл соққы бағыттауға шамалары жетпеді.

Екінші таймның басында «Жеңіс» сапында Жиан Мартинс қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды. Әйтсе де, алаң иелері сапынан 61-минутта Ардақ Саулет үшінші голды соқты. 68-минутта Жансұлтан Мұхаметханов алыстан әдемі соққымен есепті қысқартқанымен, талдықорғандықтардың одан арғысына шамасы жетпеді. Есеп: 3:1.

Осылайша, «Жеңіс» 20 ұпай жинап, ұшу аймағынан алыстады. Ал «Жетісу» 13 ұпаймен төменгі орындарда қалып отыр.

«Жеңіс» — «Жетісу» 3:1 (2:0)

Голдар: Әділ, 31 минут (1:0), Қараман, 41 минут (2:0), Сәулет, 61 минут (3:0), Мұхаметханов, 68 минут (3:1)

Қызыл қағаз: Мартинс 53. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×