«Жеңіс» ел чемпионатында сенсация жасады

23.08.2025, 21:04

Астаналық «Жеңіс» пен «Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының 22-тур ойынында кездесті.

«Жеңіс» ел чемпионатында сенсация жасады

«Астана» алғашқы минуттардан-ақ қарқынды шабуылдап, Сергей Игнатовичтің қақпасы маңында бірнеше қауіпті сәттер жасады. 14-минутта Нұралы Жақсылық айып алаңы сыртынан соққы жасап есеп ашты. Осыдан кейін қонақтар қарқынын бәсеңдетті. Ал бар қызық екінші таймда тіркелді. Алдымен Элгуджи Лобжанидзе дубль жасады. Кейін «Жеңіс» қақпасына пенальти белгіленді. Алайда алаң иелері көп уақыт бойы оған наразы болды. Тіпті бас бапкер Андрей Демченко алаңнан қуылды. 11 метрлікті Назми Грипши сәтті орындағанымен, тең есепті сақтап қала алмады. 93-минутта Всеволод Садовский соңғы нүктені қойды. 3:2.

Қазір «Жеңістің» еншісінде 31 ұпай бар және ол турнир кестесінде жетінші орында. «Астана» 43 ұпаймен екінші орында келеді.

«Жеңіс» — «Астана» 3:2 (0:1)

Голдар: Жақсылық 14 (0:1), Лобжанидзе 60 (1:1), Лобжанидзе 73 (2:1), Грипши (пенальтиден) 82 (2:2), Садовский 90+3 (3:2).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×