30 жастағы вингер Александр Якобсен “Валвейк” командасының қатарын толықтырды.
Египет азаматы “Жеңіске” осы жылдың сәуір айында грузиялық “Динамо” Батуми командасынан ауысып келген болатын. Александр күні бүгінге дейін сары-қараларда жалпы алғанда 7 ойын өткізді. Елорда ұжымының бапкері Акис Вавалистің алдағы жоспарына кірмеген, Якобсен клубтан кетуге мәжбүр болды.
Трансфермаркет Александрды 100 мың еуроға бағалайды.
“Валвейк” Эредивизияның 2-тур қорытындысы бойынша бірде-бір ұпай жинай алмай турнирлік кестеде 17 орында тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET