“Жеңіс" пен "Астана" командасы Премьер-лиганың 22-турында кездесті

"Астана Аренада" өткен тартысты ойында номиналды алаң иелері сәтті өнер көрсетті.

“Жеңіс" пен "Астана" командасы Премьер-лиганың 22-турында кездесті

Бүгінгі матчта 3 ұпайға қол жеткізген Жеңіс сапынан Элгуджа Лобжанидзе (2Х) мен Всеволод Садовский мергендік танытты. Олар Астананың Грипши мен Жақсылықов соққан голына осылайша жауап қатты (3:2). 

Осылайша “Жеңіс” клубы Премьердағы жеңіліссіз ойындар сериясын 8 матчқа ұзартты. Егерде осы қарқынын баяулатып алмаса, елорда ұжымы үздік 5 команданың қатарына қосылуы ғажап емес.

Дәл қазіргі сәтте ҚПЛ 21-турынан кейін 31 ұпаймен “Жеңіс” турнир кестесінде 7 орында келеді. 

Айтпақшы, бүгінгі кездесуде Астана сапынан капитан Марин Томасов ойынға қатыса алмады. Оның себебін, біз матч бұрын жазып кеткен болатынбыз. 

Томасов Премьер-лиганың бүгінгі кездесуінен шет қалды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×